Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

8 айда пойыз бағыттарында 91 рет тоқтату кранының жұлынғаны анықталды

8 айда пойыз бағыттарында 91 рет тоқтату кранының жұлынғаны анықталды

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың сегіз айында пойыздарда тоқтату кранының істен шығуының 91 жағдайы тіркелді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлайды.

«Оның жетеуі жолаушылардың ұқыпсыздық салдарынан, 14 рет пойызға кешіккендіктен, ал 5 рет жолаушылардың жолда денсаулықтарының нашарлауына қатысты жұлынған. Сол сияқты 8 рет шойын жол үстіндегі бөгде адамдардың өміріне қауіп төнген кезде және 6 рет стансаға тоқтаған уақытта жолаушылардың түсіп үлгермеген сәтте, сонымен бірге 3 рет мас жолаушылар мен шығарып салушылардың кесірінен пойыз жүрісі тоқтатылған», - делінген хабарламада.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес жүк пойыздарында заңсыз жүрiп-тұру, пойыз жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін 5 АЕК көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.

Сондай-ақ, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде (7 575 теңге) пойыз вагондарының терезелері мен есіктерінен қоқыс пен өзге де заттарды лақтырғаны, қозғалыс кезінде сыртқы есіктерді заңсыз ашқаны үшін айыппұл салынады.

Похожие материалы