Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп бірнеше азаматты сан соқтырған зейнет жасындағы алаяқтар ұсталды.

Олар екінші деңгейлі қаржы институттарынан несие алғысы келетін тұрғындарға өздерін банктермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтып, сенімдеріне кірген.

1954 жылғы қарағандылық азамат бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Айлакер мен қасындағы сыбайласы екеуінің 4 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталған. Келтірілген шығын көлемі 16 миллион теңге.

Күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Несие аламын деушілерді тауып, оларға "Несиені қайтаруды қажет болмайды сіздер екі саты бойынша аласыздар. Бірінші сатыда 1-2 миллион теңге қолыңызға түскенді толығымен бізге беруіңіз қажет. Сонан соң қолыңызға түсетін ірі қомақты соманы қайтарудың қажеті жоқ, мемлекеттік бағдарлама бойынша жойылатын несие" деп сендірген. Осы түсініктемелерге сенген азаматтар болды», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат Әзірбек.

Похожие материалы