Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда жүзге жуық көшенің аты өзгерді

Алматыда жүзге жуық көшенің аты өзгерді

Алматы. 30 қараша. 7kun.kz — Алматы қаласында жүз шақты көшенің аты өзгерді. Олардың тең жартысына мемлекеттің дамуына еңбек сіңірген қоғам қайраткерлерінің есімі берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, 100 шақты көшенің аты өзгерген.

«Жаңадан қосылған территорияны ескеріп, Абай атындағы 12 көше, Мұхтар Әуезов атындағы 3 көше, Жамбыл Жабаев атындағы 13, Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы 6, Төле би атындағы 5, Қазыбек би атындағы 3, Әйтеке би атындағы 3, Райымбек батыр атындағы 8, Наурызбай батыр атындағы 4, Қарасай батыр атындағы 8, Ахмет Байтұрсынов атындағы 4, Сәкен Сейфуллин атындағы 5, Әлия Молдағұлова атындағы 6, Мәншүк Мәметова атындағы 6 көшенің аты жаңартылды», — деді әкімдіктегілер.

Жоғарыда аты аталған 42 көшеге мемлекеттің дамуына еңбек сіңірген қоғам қайраткерлерінің есімі беріледі. Ал қалған көшелердің аты тарих, мәдениет, дәстүрмен байланысты қойылмақ.

«Мысалы, Шыңғыс Айтматов, Герольд Бельгер, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Кәукен Кенжетаев, Сергей Калмыков, Қадыр Мырза Әли, Егор Редько атындағы көшелер пайда болады», — дейді әкімдіктегілер.

Көше атауларының өзгеруі жергілікті тұрғындарға ешқандай қиындық келтірмейді. Олар қажетті құжаттарды ЭЦҚ немесе ХҚКО арқылы бірнеше минуттың ішінде ала алады.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Алматы қаласындағы Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгертілген болатын.

Похожие материалы