Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Интернеттен ең көп ізделген ақпараттар анықталды

Интернеттен ең көп ізделген ақпараттар анықталды

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Яндекс аналитиктері жыл сайын 1 қаңтардан бастап қарашаның соңына дейін қандай ақпарат көп ізделгені туралы сараптама жасайды. Осылайша, сарапшылар 2017 жылдың қорытындысы бойынша ең көп ізделген ақпараттар тізімін анықтады, деп хабарлайды Kapital.kz.

Қазақстандықтар көп іздеген ақпараттар қатарында Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы, Ерке Есмаханның “Қайда” әні және латынға көшу мәселесі жиі кездескен.

Ең көп ізделген оқиға

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы;
  • Қайрат Нұртастың «Періштелер ұйықтап жатқанда» фильмінің премьерасы;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгерістер;
  • Латынға көшу;
  • 2018 жылы Қазақстандағы зейнетақы мөлшері.

Халықаралық оқиғалар

  • «Игра престолов» 7-кезеңінің шығуы
  • «Көк кит» ойыны
  • Мьянмадағы мұсылмандар геноциді
  • iPhone X шығуы
  • Санкт-Петербургтегі теракт

Спорттық шаралар

  • Хоккейден әлем чемпионаты – 2017
  • Қысқы Универсиада – 2017
  • Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстің жекпе-жегі
  • Конфедерация кубогі
  • Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегордің кездесуі

Фильм және мультфильмдер

  • Форсаж-8
  • Кариб теңізінің қарақшылары
  • Ол
  • Галактика сақшылары. 2-бөлім
  • Көліктер-3

Әндер:

  • Ерке Есмахан — Қайда?
  • Грибы — Тает лед
  • Luis Fonsi — Despacito ft. Daddy Yankee
  • Zhonti feat. NN-Beka — Зың-зың
  • Элджей & Feduk — Розовое вино

Похожие материалы