Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сот «АрселорМиттал Теміртау» шахтерларының наразылық шарасына тиым салды

Сот «АрселорМиттал Теміртау» шахтерларының наразылық шарасына тиым салды

Қарағанды. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Шахтинск қаласының соты бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтерларының наразылық шарасына тиым салды.

«Қазақстандық», «Шахтинская», Ленин атындағы және «Тентек» шахтасындағы жұмысшылардың наразылық шарасына тиым салынсын»,- делінген сот шешімінде. Сот «Арселор Миталл Теміртау» АҚ ұсынған айғақтармен келіскен. Атап айтқанда шахталар өте жоғары дәрежедегі қауіпті нысандар қатарына жатады. «Сонымен қатар, жұмыскерлер ұйқысыз, өмір сүру мен тамақ қабылдауға ыңғайсыз жер астында 3 тәуліктен бері отыр. Бұл олардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіреді»,- делінген шешімде. «Осылайша өмірлері мен денсаулықтарына қауіптің алдын-алу мақсатында сот шағымды қанағаттандырып, наразылық шарасын тоқтатып, оны заңсыз деп таниды», - деп көрсетілген құжатта. Шешім арқылы сот жұмысшыларға 14 желтоқсандағы 16:00-ге дейін шахта үстіне көтеріліп, наразылық шарасын тоқтатуды міндеттеген. Шешім бірден орындалуы керек, оның орындалуы Шахтинск қаласының прокурорына жүктелген. Айта кетейік, алғашқы кезде сегіз шахтада 600-1000 аралығында жұмысшы болғаны айтылады. Олардың бірқатары келіссөздер нәтижесінде шахтадан кетіп, қазіргі кезде жер астында 400- ден астам адам қалуы мүмкін.

Похожие материалы