Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ескерткіш күміс монетасы айналысқа шығады

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ескерткіш күміс монетасы айналысқа шығады

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 29 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен Қазақстанның тұңғыш анимациялық фильмнің шығуына 50 жыл толуына арналған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығарады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Күміс монета кинокадр нысанында орындалған. 2017 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты қазақтың тұңғыш анимациялық фильміне 50 жыл толады (режиссер Ә.Хайдаров және Қазақстанның алғашқы суретші-мультипликаторлар тобы – Э. Бейсейітов, Г. Дусенко, Ф. Мұқанов, Б. Калистратов, Е. Сұлтанбеков).

Монетаның кинокадр нысанында орындалған бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» деген жазба орналастырылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және орыс тілінде «Республика Қазақстан» деген жазба бар. Төменгі бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 24 g.» деген жазба және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Сол жағында монетаның жиегінде анимациялық фильмнің экранға шығу жылы – «1967», оң жағында монета соғылған жыл – «2017» орналастырылған.

Монетаның сырт жағында анимациялық фильмнен стоп-кадрдың түрлі түсті бейнесі орналасқан. Сол бөлігінде монетаның жиегінде мемлекеттік тілде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» және орыс тілінде «Почему у ласточки хвост рожками» деген жазба орналасқан. Түсі түрлі түсті басу технологиясы арқылы орындалады. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

Монеталар 925 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, тік төрт бұрышы 30х45 мм, дайындау таралымы – «proof», таралымы – 500 дана. Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Похожие материалы