Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады

Енді атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын емес, бірден алуға болады

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекті төлеудегі жаңашылдықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жаңашылдықтың бірі — мемлекет енді жарты жылдың әлеуметтік көмегін бірден төлейді.

"Атаулы әлеуметтік көмекті бұрынғыдай біз ай сайын төлей аламыз немесе оны бірден алуға болады. Егер отбасы алты айдың әлеуметтік көмегін алып, өз ісін ашқысы келсе, онда жарты жылдың ақшасы бірден беріледі", — дейді Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, мемлекет енді ақшалай көмектен бөлек, білім алып, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін болады.

"Ендігі уақытта кешенді көмек болады. Күнкөрісі төмен отбасылар бұрынғыша ақшалай төлемақы түрінде атаулы әлеуметтік көмек алады. Осыған қоса, жұмыс табуға, білім алып, мамандық меңгеруге, кредит алуға, оқу орнын бітіріп, жұмыс таба алмай жүрген жастарға тәжірибеден өтуге көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек, еңбек ресурстарына қажеттілік бар солтүстік өңірлерге көшкен кезде де әлеуметтік жәрдем қарастырылған", — дейді Дүйсенова.

 

Похожие материалы