Экономика
Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ төрағасы болып тағайындалды
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды баспасөз-қызметі.
«Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 29 қаңтарындағы №198 шешім бойынша Әсет Тұрысов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «Қазпошта» АҚ басқарушы директор қызметін атқарған»,-деп жазылған хабарламада. Әсет Тұрысов 1987 жылы 10 қарашада Мәскеуде туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 2017 жылы «Халық шаруашылығы» университетін «Экономика баклавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ бастаған. 2011-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, 2014-2018 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ басқарушы директор қызметін атқарған.