Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көп балалы, жалғызбасты анаға кредит қайтару бойынша көмек бар ма?

Көп балалы, жалғызбасты анаға кредит қайтару бойынша көмек бар ма?

Сұрақ:

Көп балалы, жалғызбасты анаға кредит қайтару бойынша көмек бар ма? Қарайсай ауданында тұрамын, күйеуім қайтыс болған. Көпбалалы анамын. 2012 жылы 200 мың теңге кредит алғанмын. 1 жыл үздіксіз төледім. Бұдан кейін күйеуім қайтыс болып, өзім жас босанып үйде отырып қалдым. Қазір де жұмыссызбын. Кредитті төлей алмай отырмын. Тіпті жол жүруге, бала-шағама тамақ тауып беруге ақшам жоқ. Әлеуметтік көмек алатын шотымды да жауып тастапты. Банктен хабарласып, коллекторларға өткізіп бергенін айтқан. Бүгін коллекторлар хабарласып, істі сотқа бергенін айтты. Не істесем болады?

Салтанат

Салтанат, сізге кредит берген банкке барып, арыз жазуыңыз керек. Мүмкіндігінше бас кеңсесіне барғаныңыз дұрыс. Арызда кредитті төлей алмауыңызға басты себепті көрсетіп, мүмкіндігінше оларды дәлелдейтін құжаттарды қоса ұсынғаныңыз жөн. Проблемалық кредит бойынша клиенттермен жұрыс істейтін басқарма, департамент басшысының қабылдауына жазылып, мәселені түсіндіруге тырысып көріңіз. Олар хат жолдап коллекторлармен мәселені шешуге тырысуына қол жеткізіңіз. Сондай-ақ коллекторлық компания басшысының атына да жоғарыдағыдай арыз жазып, қабылдауына кіріп, мәселені түсіндіріңіз. Егер сіздегі жағдайдың шынымен қиын екеніне көздері жетсе, шарт аясында жеңілдік жасап, уақытша каникул немесе төлем көлемін азайтып беруі мүмкін. Әлеуметтік көмек алатын шоттыңызды жауып тастауға құқығы жоқ. Сіз әлеуметтік көмек үшін шот ашқанда арнайы шот емес, әдеттегі банктік шот ашқан болуыңыз керек. Сондықтан банк қарыз соманы қайтарып алу шарасы кезінде сіздің шотыңызғ тиым салған. (Тіпті әдеттегі банктік шот боғлан күннің өзінде толық арест салуға құқығы жоқ, тек 50% көлемінде ғана шектеу қоюға құқығы бар). Сондықтан әлеуметтік көмек беретін орталыққа барып, шотыңыздың қандай екенін анықтап, жәй шот болса, банктен немесе Қазпоштадан әлеуметтік көмек алуға арналған арнайы шот рәсімдеп, ай сайын алатын ақшаны әлеуметтік көмек беретін орталыққа ескертіп, соған аудартыңыз. Сонда айлық әлеуметтік көмекті толық аласыз.

Похожие материалы