Экономика
Бизнес
Жеңіс Қасымбек: "Барлық өңірлерде 4,2 мың км жол жөнделеді"
Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Астанада ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалық етуімен Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру бойынша Республикалық кеңес өтті.
Іс-шараға жетекші отандық және шетелдік көлік-логистикалық ұйымдарының, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында жол инфрақұрылымын, транзиттік көлікті және көліктік логистиканы дамыту, жол жобаларын жүзеге асыру перспективалары, сондай-ақ қазақстандық автожол желісі, экспортқа, азаматтық авиация саласын дамытуға арналған қазақстандық өнімдерді тасымалдау мәселелері талқыланды.
«2018 жылы 23 «Нұрлы жол» жобасының аясында бір мезгілде барлық өңірлерде 4,2 мың км жол салу мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан мұндай ауқымды жұмыстарды алғаш рет бастағалы отыр», - деді Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
2020 жылға қарай республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының 90 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіріледі. I және II техникалық санаттағы автокөлік жолдарының үлесі 50 пайызға дейін артады.
ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі