Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда 3,7 баллдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда 3,7 баллдық жер сілкінісі сезілді

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сағат 15:20 жерасты дүмпулерін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді. Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығы мамандары қалада ешбір ғимаратқа зақым келмегенін, сондай-ақ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі таудағы гидротехникалық құрылғылардың жарылмағанын хабарлады.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы