Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда ескі он үйдің орнына 11 тұрғын кешені салынады

Алматыда ескі он үйдің орнына 11 тұрғын кешені салынады

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Алматының Жетісу ауданында ескі көпқабатты 10 үй сүріліп, орнына жаңа 11 үй салынатын болды. Бұл туралы аудан әкімі Мұхтар Тәжібаев хабарлады.

«Бекітілген жобаға сәйкес, Боткин - Райымбек - Павленко - Казаков көшелерінің аумағындағы 10 үйді сүріп тастау жоспарланып отыр. Құлатылған үйлердің орнына 11 көп пәтерлі 9 қабатты жаңа үй тұрғызылады. Құрылыс жүргізілетін жердің жалпы аумағы - 2,2 га, 4354,49 шаршы метр үй салынады, кешеннің жалпы аумағы - 37 410 шаршы метр. Барлығы- 513 пәтер», - деді Мұхтар Тәжібаев.

9 қабатты 11 үй мегаполистегі «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында салынады. Жобаны «Риголит» ЖШС мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүзеге асырады.

Айта кетейік, аталған ауданда тұрғындар үшін Первомайский ауылында жеке амбулатория ашылып, Айнабулақықшам ауданында 2018 жылы мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында 10-ға жуық жеке балабақша ашылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы