Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұратхан Тоқмәдиге адам өлтірді деген айып тағылды

Мұратхан Тоқмәдиге адам өлтірді деген айып тағылды

Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге адам өлтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлады Tengrinews.

Мұратхан Тоқмәдидің ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігі, ж, з тармақтары бойынша (1997 жылғы редакция) (" Адам өлтiру", ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан; айыпталып отырғаны айтылады.

Осыған дейін бизнесменге қатысты қозғалған қылмыстық істің Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтетіні хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы