Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет коммерциялық банктерге енді қолдау көрсетпейді -Назарбаев

Мемлекет коммерциялық банктерге енді қолдау көрсетпейді -Назарбаев

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке коммерциялық банктерге қолдау көрсету тәжірибесі тоқтатып, алдағы уақытта қайталанбауы керек деген тапсырма берді.

«Біріншіден, ауқатты адамдар банкке ие болғысы келеді – ашады, жұмыс істейді. Бұл жекеменшік, мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Содан кейін құрдымға кетеді – енді мемлекет олардың «шалбарын көтеруі» керек пе? Жоқ! Құрды ма – соңына дейін жауап берсін», - деді Назарабев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бірақ жалпы экономика, экономиканы кредиттеу қолдау көрсетуті талап етті. Ұлттық банк ірі жүйеқұрушы банктерге бұл қолдауды көрсетті. Енді ары қарай мұның қайталанбауын қадағалау керек»,- деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы