Экономика
Сорос-Қазақстан қоры "Open budget fellowship-2018" оқу бағдарламасына қабылдау бастады
Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Сорос-Қазақстан қоры "Ашықтық және есептілік" бағдарламасы аясында "Open budget fellowship-2018" оқу бағдарламасының қазақ бөліміне сұранымдарды қабылдай бастады.
Байқауға: - Қазақстандық ЖОО магистранттары; - Талдамалы орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары; - Тәуелсіз зерттеушілер; - Қоғам белсенділері, журналистер және блогерлер қатыса алады. Қорға өтінім жіберудің ең соңғы күні – 2018 жылдың 20 ақпаны (Астана уақытымен 08:00). Осы мерзімнен кейін жіберілген өтінімдер қабылданбайды. Ашық байқау нәтижесінде бірінші тренингке қатысатын 15 үміткер-қатысушыға дейін іріктеледі, ал тәжірибелік үй тапсырмасының нәтижесінен соң іріктелген 12 үміткер-қатысушы келесі тренингтерге қатысуға мүмкіндік алады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!