Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнеткерлері жақсы өмір сүретін елдердің рейтингі жарияланды

Зейнеткерлері жақсы өмір сүретін елдердің рейтингі жарияланды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Зейнеткерлері жақсы өмір сүретін елдердің рейтингіне 80 мемлекет кірген. Қазақстан 65-орында. Рейтинг BAV Group, Wharton бизнес мектебі және америкалық US News басылымының бірлесе жұмыс жасауы негізінде жасалынған.

Бірінші орында - Жаңа Зеландия. Бұл мемлекет  екінші жыл қатарынан зейнеткерлер үшін әлемдегі ең жақсы мемлекет болып саналды.  Ал екінші және үшінші орынды Австралия мен Швейцария иеленді.

Қазақстан тізімдегі 80 елдің ішінде 65-орында. Көрші елдерге келсек: Қытай - 57, Ресей - 79,  Әзербайжан - 61,  Түркия - 46 орынға орналасқан.

Айта кетейік, тізімде АҚШ 24-орында.

Тізімде соңғы яғни 80-орында Иран.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы