Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда автоматтандыруға байланысты тұңғыш IT-DAY конференциясы өтті

Алматыда автоматтандыруға байланысты тұңғыш IT-DAY конференциясы өтті

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — Алматыда «Мемлекеттің бизнесті қолдау шаралары мен бизнес-процестерді автоматтандырудың цифрлы трансформациясы» деп аталатын тұңғыш IT-DAY конференциясы өтті. Шара аясында «Даму» Қоры шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау шараларын автоматтандыру нәтижелерімен бөлісіп, болашағын талқылады.

«Даму» Қоры өзінің қаржылық бағдарламаларымен кәсіпкерлерді неғұрлым көптеп қамтуды көздеп, нәтижесінде 2017 жылы Digital Damu  қаржылық супермаркетінің бірінші кезеңі жүзеге асқан болатын. Digital Damu платформасының ыңғайлы құрылымы оңтайлы даму бағдарламасын таңдап, арнайы порталда кәсіпкердің өзіне керекті сала бойынша қызмет түрін пайдалануына  мүмкіндік береді.

«2017 жылдан бері біз Қордың барлық өнімдерін автоматтандыруды мақсат етіп, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Автоматтандыру клиенттермен тиімді жұмыс істеп, олардың бізге алғаш хабарласқан уақытынан бастап, қаржыға қолы жеткенге дейінгі аралықтағы барлық әрекеттерін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Былтыр қыркүйек айында CRM жүйесі бойынша Digital Damu платформасы енгізіліп, қаржылай және бейқаржылай қызмет көрсету бойынша ішкі бизнес-процестер автоматтандырылды. Соның арқасында 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда қолдау алған жобалар саны 4 есеге артты», - деді «Даму» Қорының Басқарушы директор – Басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбеков.

Қор ішкі және сыртқы процестерді автоматтандыруды қарқынды енгізуде. Осы мақсатта Paper-Free жүйесін (электронды құжат айналымы жүйесі) пайдаланып отыр. Бұл жүйе «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында өте маңызды бағыт ретінде бекітілген. Ол жерде қағаз түріндегі құжат айналымы толық жойылып, нәтижесінде хаттамалар мен хаттамалардың көшірмелерін жасау уақыты қысқарып, алқа органдардың тапсырмаларының орындалу барысын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік туды.

Мұнымен қатар, электронды құжат айналымы 2018 жылы  ішкі құжаттамаға да енгізіліп, шаруашылық және субсидиялау туралы үш жақты шарттарға да қолданылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы