Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұялы телефон ұрлауды тиімсіз ететін жол табылды

Ұялы телефон ұрлауды тиімсіз ететін жол табылды

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда ұялы телефон ұрлауды тиімсіз ететін шаралар туралы айтты.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол бұл шаралардың 2019 жылдың қаңтарынан бастап іске қосылатынын айтты.

«Нақты айтар болсақ, 2019 жылдың қаңтарынан бұл қызмет тіркелмеген телефондарға көрсетілмейді. Аталған мерзім көпшілікке жеткіліксіз болуы мүмкін, оған қоса азаматтардың ұялы байланыс операторы бөлімшелеріне барғысы келмейтін жағдайлар да болады. Осындай жәйттердің барлығы бірігіп, әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Осы себепті біз қазір тіркеу процедурасын оңтайландырумен айналысып жатырмыз. Осы кезде баламалы тәсілдер мен ЭЦҚ, SMS және USSD-командалар арқылы онлайн тіркеу шаралары қарастырылуда», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы