Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев номиналы 200 теңге болатын монета шығару туралы айтты. Бұл туралы ол Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында мәлімдеді.
«Адамдар банкноталар мен монеталарға қарап ойға қалатыны рас. Біз қазіргі ақшаны оңтайлы деп санаймыз. Номиналы 200 теңге болатын монета шығару туралы жоспарда жоқ», - деді Ақышев.