Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың басынан бастап бағалы металдар бағасы көтерілді. «Discovery Broker» тауар нарықтарының сарапшысы Оксана Лукичева ең өтімді активтерді атады, деп хабарлайды LS.
Алтынның құны 2018 жылдың басынан бастап 1,64 пайызға, платина 7,62 пайызға өсті. Ал күміс (-3,12 пайыз) және мыс, керісінше, (-1,92 пайыз) арзандады.
Лукичеваның айтуынша, алтынның орташа жылдық құны 2018 жылы бір унция үшін 1368 долларды құрады. Сонымен бірге, ауытқу ауқымы 1308 доллардан 1454 долларға дейін болуы мүмкін.
2018 жылы күміс болжамы 17,57 доллары деңгейінде, ауытқу ауқымы унция үшін 16,20-18,70 долларды құрады. Платинаның орташа бағасы 1007 долларға жетеді. Ауытқулар ауқымы 985-1020 доллар.
«2018 жылы инвестицияға ең тиімді кірісті алтын, мыс, никель және мырыш әкелуі мүмкін. Өсудің негізгі факторлары бұл әлемдегі саяси шиеленістің өсуі, сондай-ақ осы металдардың жеткізілімінің төмендеуі болуы мүмкін», - деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, активтердің құнына әсер ететін негізгі факторлар валюта бағамының ауытқуы, ең алдымен доллар бағамы, сондай-ақ реттеуіштердің саясаты болып қала береді.
«Бағаларды қалыптастыру кезінде физикалық металға, оның ішінде Солтүстік Америкадағы монеталарға деген сұраныс өте маңызды болады. Платина үшін индустриалды сұраныс елеулі фактор болып қалады», - деді Лукичева.
Сарапшы, сондай-ақ, базалық металдар 2018 жылы да өсу үрдісін жалғастыратынын айтты. Алайда АҚШ пен Еуропалық Одақтың протекционистік саясатына байланысты қорлардың ықтимал өсуі есебінен бағаның өсу қарқыны төмендеуі мүмкін.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!