Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Amazon не кассалық аппараты, не сатушыcы жоқ алты Amazon Go дүкенін ашады

Amazon не кассалық аппараты, не сатушыcы жоқ алты  Amazon Go дүкенін ашады

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz - Amazon компаниясы 2018 жылы не кассалық аппараты, не сатушысы жоқ  Amazon Go дүкендер желісін іске қосуға ниетті. Бұл туралы  Recode мәлімдеді.

Компания жалпы саны алты Amazon Go  дүкенін ашады. Сол үшін Лос-Анджелоста Рик Карузомен келіссөздер жүргізіп жатыр. Рик Карузо - туристер арасында танымал The Grove  сауда орталығының иесі. Компания сол жерде бір дүкенін ашады, деп басылым екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Ал басқа дүкендерін Амозонның бас кеңсесі орналасқан әрі алғашқы  Amazon Go  дүкені ашылған жерде, Сиэтлде орналасады. Бұл үшін компания кем дегенде үш жерді таңдаған. Ал басқа қалаларда Amazon Go дүкендер желісі ашылу немесе ашылмауы әлі белгісіз.

Дегенмен,  Amazon  компаниясы The Grove-пен келісім жайлы ақпаратқа әлі пікір білдірмеді. Сондай-ақ, Рик Карузо да бұл хабар жайлы әлі ләм-мим демеді.

Еске сала кетейік, Amazon Go  дүкені 2018 жылы қаңтарда ашылған. Бұл әлемдегі не сатушысы, не кассалық аппараты жоқ жалғыз дүкен.

Толығырақ біздің мына материалдан оқи аласыз.

Amazon сатушы мен кассалық аппараты жоқ алғашқы дүкен ашты

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы