Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft пен Xiaomi ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Microsoft пен Xiaomi ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылдың қазан айының соңында Microsoft компаниясының бас директоры Сатя Наделла Бейжіңдегі Xiaomi бөлшек сауда дүкеніне барды. Сапар барысында IT-гиганттың басшысын Xiaomi-дің негізін қалаушы және жетекшісі Лей Хун және халықаралық даму бөлімінің басшысы Ван Сян алып барды. Xiaomi өнімдерімен танысқан соң, Microsoft компаниясының басшысы қытайлық компанияны дамытуға үлкен қызығушылық танытып, нәтижесінде өзара түсіністік туралы келісімге қол жеткізді.

Бүгінгі күні жасасқан келісім аясында компаниялар ынтымақтастықты нығайта алады, жаңа өнімдерді шығаруда бірлесіп жұмыс істейді және инновациялық технологиялық әзірлемелерді енгізе алады.

Бұдан басқа, келісімде екі компания да бұлтты технологияларды дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады және жасанды интеллект саласында ынтымақтасады. Microsoft, өз кезегінде, Xiaomi компаниясына жаңа нарықтарды үйренуге көмектеседі, сондай-ақ, ұялы және смарт құрылғыларды ілгерілетеді.

«Xiaomi - бұл түрлі елдерде тез танымал болып келе жатқан ең инновациялық және жылдам дамып келе жатқан қытайлық компаниялардың бірі. Microsoft корпорациясының бірегей дамуы, жасанды интеллекттегі білімі және Azure сияқты өнімдер Xiaomi-ға пайдаланушылар үшін жаңа технологияларды жасауға көмектеседі», - дейді жасанды интеллект зерттеу бөлімінің басшысы Гарри Шум.

Келісімге қол қойғаннан кейін, Xiaomi халықаралық даму бөлімінің бастығы Ван Сян, Microsoft корпорациясымен ынтымақтастықта қытайлық электроника өндірушісіне жаңа бастамалар арқылы табысқа жетуіне және өздерінің позицияларын нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы