Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Техникалық реттеу саласында «E-KTRM» электронды жүйесі енгізіледі

Техникалық реттеу саласында «E-KTRM» электронды жүйесі енгізіледі

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың төрағалық етуімен ҚР ИДМ алаңында техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыруды қамтамсыз ету жөніндегі кеңес өтті.

Кеңеске ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Комитеттің ведомстволық бағынышты ұйымдарының, Министрліктің қоғамдық кеңесінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен «Ақжол» демократиялық партиясының өкілдері қатысты. Кездесу барысында Комитет және оның ведомстволық бағынышты ұйымдары техникалық реттеу және метрологияның ақпараттық жүйесін құру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.

Сонымен қатар, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыруды екі кезеңмен іске асыру жоспарланады. Осылайша, бірінші кезеңде жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімнің бірыңғай өзара байланысты базасын құру ұсынылады.

Екінші кезеңде қатысушыларға электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігімен Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Комитет штрих-кодтарын, радиожиілікті сәйкестендіруді, қауіпсіздік белгісін, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен біріктіруді ескере отырып, мобильдік қосымшалар түрінде Оnline сервисті әзірлеуді ұсынды.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіруді одан әрі талқылау жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы