Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Camry 70 Қазақстанда мамыр айында сатылымға шығады. Ал сәуір айынан бастап уәкілетті дилерге хабарласып алдын-ала тапсырыс беруге болады.
«Біз бұл Toyota-ның өзінен асып түскен ең жақсы үлгісі екенін сеніммен айта аламыз» - дейді компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Іскерлік седандар санатындағы ең көп сатылатын көліктің бұл маркасы мүлдем жаңа нұсқада болады.
Қазақстанда «Camry 70» үш түрлі нұсқада таныстырылады. Біріншісі, базалық жинақтамада және ең арзаны. 150 ат күшіне тең, көлемі 2 литрлік 6AR-FSE двигателімен және алты сатылы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған.
Одан қымбатырақ түрі 181 ат күші қуатына тең 2,5 литрлік моторлы болады. Ол да алты сатылы автомат қорапшасымен жабдықталған. Көліктің стандартты мүмкіндіктері қатарына қосымша: ауа-райын қадағалайтын құрылғы, VSC (көлік тұрақтылығын басқару жүйесі), қосалқы дөңгелек (көліктің дәл өзіндегідей), сондай-ақ, «ЭРА-ГЛОНАСС» міндетті жүйесі енгізілген.