Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев Армения Республикасының Президентіне құттықтау хат жолдады

Назарбаев Армения Республикасының Президентіне құттықтау хат жолдады

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін.

Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы