Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕАЭО елдеріне ортақ автоқұжат енгізіледі

ЕАЭО елдеріне ортақ автоқұжат енгізіледі

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz - Қазақстандағы АвтоБизнес ассоциациясы (ҚАБА) 1 шілдеден бастап ел аумағына электронды автоқұжат енгізу жұмыстарын бастайды.

Электронды автоқұжатқа автомобиль «өмірінің» барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі басқа да шектеулерге қатысы бар екені жазылады.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді», - деп жазылған хабарламада.

Енді қолдан көлік сатып алғалы тұрған кез келген адам арнайы порталға кіріп автокөліктің тарихымен оңай таныса алады.

Электронды автоқұжат жүйесіне өту кезең-кезеңімен іске асырылады. Құжат барлық ЕАЭО елдерінде бірдей болады.

   

Похожие материалы