Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтарында жұмыспен қамту орталықтарына 92,6 мың адам барды, деп хабарлайды LS.
Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 68 пайызға артып отыр.
Қазақстанда жалпы жұмыссыздар саны 440,3 мың адамды құрайды. Ал, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз.
Сонымен бірге, 2018 жылдың қаңтар айында ЕАЭО елдерінің жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар саны 1 млн адамға жетті. Бұл экономикалық белсенді халықтың 1,1 пайызын құрайды.
Одақтас елдердегі жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз болды. Оның ішінде, Арменияда 16,5 пайыз, Беларусьте 5,8 пайыз, Қырғызстанда 7,2 пайыз және Ресейде 5,1 пайыз.