Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz - «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы ( «Бәйтерек» холдингінің еншілес еншілес құрылымы) «KSP Steel» ЖШС-не өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауға қолдау көрсетті.
«KSP Steel» мұнай-газ саласына арналған жапсарсыз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Ішкі нарықты қамтамасыз ете отырып, компания өз өнімдерін таяу және алыс шетелге, оның ішінде АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Белоруссияға экспорттайды.
Отандық кәсіпорынға «KazakhExport» ұлттық компаниясы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-мен бірлесе отырып экспорттық сауданы қаржыландыру схемасы бойынша 450 млн ресей рублі көлемінде қолдау көрсетті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!