Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат GoogleMaps-қа енгізіледі

Қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат GoogleMaps-қа енгізіледі

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Инвентаризацияның қорытындысы бойынша қызмет көрсететін нысандардың саны 1 859 болды. Олардың 33 пайызы (618) Ұлттық стандартқа сай келеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2017 жылы (жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, бизнестің ірі субъектілері) қызмет көрсету нысандарын ұлттық стандартқа сәйкестендіру, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мәселелері бойынша жұмыс топтары құрылды.

«Қызмет көрсету нысандарын дамытудың іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша қолданыстағы 113 нысан жаңартылып, 22 нысан жаңадан салынды. Жалпы, 2017 жылы ұлттық стандартқа сай келетін нысандар саны 135-ке жетті. Сонымен қатар, «KazWаy» модульдік сервисінің 2 павильоны орнатылды», - деді министр.

2018 жылы 200 нысанды жаңалап, 36 нысанды салу жоспарланып отыр. 2018 жылдың соңында ұлттық стандартқа сай келетін нысандар санын 818-ге дейін жеткізу жоспарланады. Сондай-ақ, GoogleMaps, Яндекс Карта, IRU Transpark картасына қызмет көрсету нысандары туралы ақпаратты енгізу жұмыстары жүргізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы