Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында жарнама және маркетинг саласындағы қызметтер 220,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 21,2 пайызға артық, деп жазды еnergyprom.kz.
Дәстүрлі түрде қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі қаржы орталығы Алматы қаласына бағытталған: 83,5 пайыз, яғни 183,9 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 21,9 пайызға артық. Дәл осы Алматыда Қазақстандағы жарнамалық және маркетингтік қызметтер көрсететін көптеген агенттіктер жұмыс істейді. Сонымен, оңтүстік астанада «Проект-2», «Human & Horse Pia», «PromoMax», «Acnielsen Kazakhstan» ғылыми-зерттеу компаниясы және GForce Gray халықаралық агенттіктері бар.
Жарнамалық-маркетингтік қызметтердің 88,8 пайызы жарнама агенттіктерінің қызметіне, 9 пайызы нарықты зерттеуге және қоғамдық пікірге, ал 2,2 пайызы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат беруде қолданылады.
Осылайша, 2017 жылы жарнама берушілер мен маркетологтар айына орта есеппен 182,5 мың теңге табыс тапқан. Ал, бұл жарнама және маркетинг қызметкерлерінің жалақысы ҚР-дағы орташа айлық жалақыдан 22 пайызға көп болғандығын көрсетеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!