Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік бөлімшелерінде еңбек жағдайы жақсарып келеді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік бөлімшелерінде еңбек жағдайы жақсарып келеді

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 19 наурызда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік бөлімшелерінде еңбеккерлердің санитарлық–тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі айлығы аяқталады.

Аталмыш шаралар магистральдық желі дирекциясының өңірлердегі бөлімшелері еңбеккерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған. «Бұл әрине ауқымды да кешенді жұмыс. Бәрінен бұрын ұжымдардағы және үлкен кәсіпорындардағы психологиялық ахуалдың жақсаруына қолайлы әсер етеді», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-магистральдық желі дирекциясының өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология жөніндегі департаментінің директоры Тілеген Смағұлов. Айлық қорытындысы бойынша, өндірістік орындардың санитарлық-тұрмыстық жағдайы жақсарту шаралары белгіленеді. Әсіресе, арнайы киімдер мен жеке басын қорғауға қатысты құралдарға, техникалық талаптарына жете көңіл бөлінеді. Бұл шаралар әрбір еңбек ұжымының өтініштеріне орай қарастырылды. Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы