
Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 17 наурыз күні Алматы марафоны аясындағы екінші көктемгі жүгіріс кезінде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы жабылады. Автокөлік қозғалысы Қозыбаев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жолдың солтүстік бөлігінен бастап жабық болады.
Қозғалыс сағат 6.30-нан 12.00-ге дейін ішінара жабылады. Марафон өтетін жерлерде автокөлікпен уақытша өту мүмкін емес.
«2018 жылы екінші көктемгі жүгіруге 1000-ға жуық қатысушы тіркелді. Бұл жыл сайынғы спорттық Алматы марафоны іс-шарасына дайындық. Көктемгі жарыстың өткізілуіне байланысты Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылады. Біз іс-шараның ұйымдастырушылары ретінде азаматтар мен қала қонақтарына өз күнін жоспарлағанда осы мәселені ескеруін сұранамыз», - деп ескертті Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.
Марафон аяқталысымен сағат 12.00-де қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!