Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы қаңтар айынан бастап Twitter компаниясының операциялық директоры Энтони Ното қызметтен кететінін хабарлағанда, Twitter акциясының құны 63 пайызға өсті. Бұл туралы CNBC жазды.
14 наурыздағы мәліметтер бойынша, компания акциялары 7 пайызға артып, нәтижесінде 36,6 долларды құрады. Барлығы, акция құны наурыз айында 15 пайызға ұлғайып, Facebook пен Snap-ты артта қалдырды.
Естеріңізге сала кетейік, Энтони Ното Twitter-ден кететінін 23 қаңтарда жариялаған болатын. Ал, 24 қаңтарда компанияның бір акциясының бағасы 22,37 долларға тең болды. Десе де, Ното әлеуметтік желіде 23 ақпанға дейін жұмыс істеді. Сол уақытта Twitter-дің бір акциясы 32 долларға өскен.
2018 жылдың 14 наурызында CNBC Twitter фото мен видеоны орналасқан жері және Twitter Moments-ке бекітумен айналысып жатқандығын хабарлады
Аталмыш функция Snapchat-та бар. Бұл функция қолданушылардың орналасқан жері негізіндегі жариялаған контенттерін жинап, оны Discover қосымша бетінде көрсетеді.