Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк секторының жиынтық активтері 23 607,2 млрд теңге болды

Банк секторының жиынтық активтері 23 607,2 млрд теңге болды
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1 наурызда 23 607,2 млрд теңгені құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлесті кредиттер – 56,0 пайыз, бағалы қағаздар портфелі – 22,5 пайыз, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттар – 13,7 пайызды иеленді. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 315,8 млрд теңгені немесе несие портфелінің 9,95 пайызын құрады. Несие портфелі бойынша провизиялар 2 213,6 млрд теңге немесе несие портфелінің 16,7 пайызы (2018 жылдың басында – 2 126,4 млрд теңге немесе 15,6 пайыз) мөлшерінде қалыптастырылды. Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 20 619,2 млрд теңгені (төмендеу жылдың басынан бері 2,4 пайыз) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 79,9 пайыз, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 6,3 пайыз, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 3,0 пайызды иеленеді. Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2018 жылдың басымен салыстырғанда 5,6 пайыздан 5,5 пайызға дейін (1 134,6 млрд теңгеге дейін) төмендеді. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2018 жылғы қаңтар-ақпан ішінде 1,4 пайызға ұлғайып, 2 988,1 млрд теңге болды. Таза пайда (ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан артуы) 145,1 млрд теңгені құрады. Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тиісінше 5,27 пайыз және 4,25 пайыз болды.

Похожие материалы