Экономика
Выбор редактора
Facebook акциялары күрт төмендеді
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 16 наурыз күні Facebook компаниясының капитализациясы 537,9 млрд доллар болса, 27 наурыз күні бұл сома 442,4 млрд долларды құрады. Бір апта ішінде акция 21,6 пайызға арзандады, деп хабарлайды korrespondent.net.
Компания акцияларының арзандауына қолданушылар мәліметтерінің қолды болуы себеп болған. 16 наурыз күні компания акциясының бір данасының бағасы 185,09 доллар болған еді. Араға үш күн салып, қағаздардың бағасы күрт арзандады.