Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет басшысы Қазақстан жастарына үндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан жастарына үндеу жолдады

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне өз құттықтауын жолдады. Оны съезд делегаттарына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді.

«Жас Отан» - елін-жерін сүйетін, өз болашағын Қазақстанның кемел келешегімен байланыстыратын мыңдаған білімді де белсенді жастардың бастарын біріктіретін, менің барлық бастамаларым мен стратегиялық жоспарларымның сенімді тірегі болып келе жатқан беделді ұйым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жастар мәселесі менің де, мемлекеттің де ең басты назарында болып, бұл салада көптеген бағдарламалар жүзеге асты. Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін. Қазір бүкіл әлем ауқымды өзгерістерді бастан кешіруде. Төрткүл дүние төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. Біз ұзақ мерзімді  мақсаттарымызға қол жеткізу үшін осындай қарқынды өзгерістерді де пайдамызға сәтті жүзеге асыруымыз қажет. Сол үшін біз Қазақстанда саяси-экономикалық, рухани және әлеуметтік жаңғыруларды қолға алдық», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Похожие материалы