Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар екі ай ішінде шетелге 78 млрд теңге аударған

Қазақстандықтар екі ай ішінде шетелге 78 млрд теңге аударған

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген ақшаның көлемі шетелден алынған трансферттер көлемінен 2 есе жоғары болды. Сәйкесінше 37,6 млрд теңгеге қарсы 71,7 млрд теңге, деп хабарлады ranking.kz.

2017 жылы шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі шетелден алынған ақша аударымдарынан 44,9 пайызға асып түскен.

Шетелге жіберілген қаражат көлемінің өсуі 2018 жылы қаңтар-ақпанда 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,4 пайыз немесе 24,4 млрд теңгені құрады. Шетелден келген қаражат көлемі тек 8,3 пайызға немесе 2,9 млрд теңгеге өсті.

ҚР-нан жіберілген ақша аударымдары бойынша Ресей Федерациясы көш бастап тұр. Жалпы көлемнің 44,2 пайызын немесе 31,7 млрд теңгені құрады (жылдық өсім - 35,4 пайыз).

Одан кейін Қырғызстан - 10,9 пайыз немесе 7,8 млрд теңге және Өзбекстан - 10,7 пайыз немесе 7,7 млрд теңге.

Қазақстандықтар қаражат алған елдер қатарын бұл жолы да Ресей бастап тұр. Шетелден алынған жалпы соманың 41,9 пайызын немесе 15,8 млрд теңгені құрайды. Бұл 2017 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 13,5 пайызға аз.

Ресейден кейін тізімде Корея Республикасы орналасады. Аударылған жалпы қаражат сомасы 5,7 млрд теңге болды. Жыл ішіндегі өсім 2,5 есеге ұлғайды. Одан әрі Қырғызстаннан 3,9 млрд теңге аударылды. Бір жыл ішінде 69,7 пайыз өсім байқалды. Бұл Қазақстан Республикасындағы трансферттердің жалпы көлемінің 10,4 пайызын құрайды.

Халықаралық ақша аударымдары жүйесінен Қазақстаннан шетелге жіберілген ақшаның көлемі бойынша көшбасшы «Золотая Корона» болып есептеледі. Екінші орында Western. Алғашты үштікке, сондай-ақ «Юнистрим» енеді.

Ал, керісінше, Қазақстанға шетелден кірген табыс бойынша алғашқы орынды дәл солай «Золотая корона» бастайды. Одан кейін Western Union жалғасып, MoneyGram үштікті аяқтайды.

Похожие материалы