Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығын 92,7 млрд теңге болды

2017 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығын 92,7 млрд теңге болды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - Ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік және құрылымдық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығындар 2017 жылы 92,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылға қарағанда 3,6 пайызға (3,2 млрд теңге) артық.

Оның ішінде ішкі шығындар 74,3 пайызды немесе жалпы көлемнің 68,9 млрд теңгесін құрады. Жыл ішінде 3,4 пайызға өсті.

Сыртқы шығындар 25,7 пайызды немесе 23,8 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде өсім 4,1 пайыз болды.

Меншік нысандары бойынша барлық ҒЗТКЖ шығындарының 74 пайызы жекеменшік ұйымдарға тиді - 68,6 млрд теңге.

Мемлекеттік шығыстардың үлесі 21,6 пайыз немесе 20,1 млрд теңгені құрайды.

Соған байланысты басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының шығындары 11,4 пайызға, яғни 4 млрд теңгеге дейін артты. Барлық шығыстардың үлесі 4,3 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының өңірлерінің ішінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығыстардың 60 пайызы Астанаға (27,8 млрд теңге) және Алматыға (27,2 млрд теңге) түседі. Ал, үштікті Маңғыстау облысы аяқтайды (8,5 млрд теңге).

ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындар бойынша көшбасшы қалалар қатарына Алматы (25,4 млрд теңге), одан кейін Астана (16,3 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (8 млрд теңге) кіреді.

Ал, сыртқы шығындар бойынша Астана көш бастап тұр (11,6 млрд теңге). Астанадан кейін Ақтөбе (3,5 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан облыстары (2 млрд теңге) жалғасады.

Похожие материалы