Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы пойыз билеттерін жеңілдіктермен алуға болады

2018 жылы пойыз билеттерін жеңілдіктермен алуға болады

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев 2018 жылдың соңына дейін пойыз билеттеріне қандай жеңілдіктер болатынын айтып берді.

«Алдағы уақытта электронды билеттер үлесі көбейе түседі. Жолаушылар тасымалы көлеміне келер болсақ, өзге теміржол әкімшіліктерін, жеке тасымалдарды қосқанда жылына 24 млн жолаушыны тасып жүрміз. Әуе немесе авто секілді өзге көліктермен бәсекелестікке қарамастан, бұл көлем сақталады», - деді Алмас Айтпаев.

Сондай-ақ, басқарма өкілі темір жол көлігімен жүру билеттерін арзандату мәселесіне де тоқталды.

«Билет құны бойынша 2018 жылы «Тұлпар-Тальго» пойыздарының билетіне ыңғайлы және реттелетін тарифтер жүйесі енгізіледі. Яғни, билетті ерте сатып алған жағдайда 20-25 пайызға дейін жеңілдіктер беріледі», - деп түсіндірді Алмас Айтпаев.

Похожие материалы