Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Хакерлер 5 млн-нан астам банк картасының базасын бұзды

Хакерлер 5 млн-нан астам банк картасының базасын бұзды

Алматы. 2 сәуір 7kun.kz - Gemini Advisory кеңес беру орталығының мәліметіне сәйкес, 125 мың карточканың ақпараты сатылымға қойылған. Жақын арада басқа деректер де анықталуы мүмкін, деп хабарлайды vesti.ru.

Saks Fifth Avenue и Lord & Taylor дүкендерінде 2017 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге сауда жасап келе жатқан тұтынушылар зардап шеккен. Олардың көпшілігі Нью-Йорк және Нью-Джерси штатында тұрады.

«Қазіргі анықталған төлем карточкаларының саны хакерлік шабуылдар ішіндегі ең ауқымдысы, әрі зиянды болып отыр», - деп атап өтті киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар.

Бұған дейін бұл топ «Whole Foods», «Chipotle», сондай-ақ «Omni Hotels & Resorts» және «Trump Hotels» дүкендер желісі тұтынушыларының базасын бұзған.

Дереккөз: Baq.kz 

Похожие материалы