Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ақша-кредит саясатының жаңа құралы енгізіледі

Қазақстанда ақша-кредит саясатының жаңа құралы енгізіледі

Алматы. 2 сәуір. 7kun.kz - Қазақстанда ақша-кредит саясатының жаңа құралы енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ туынды қаржы құралдарының нарығын дамыту мақсатында Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының алаңында өтімділікті ұсыну, сол сияқты алу бойынша бір күн мерзіміне валюталық своп операцияларын жүзеге асыруды бастау туралы шешім қабылдады.

Валюталық своп арқылы ұлттық валютада өтімділікті ұсыну Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі бойынша плюс жылдық 2 пайызбен жүзеге асырылатын болады.

Операцияларды жүргізу арқылы ұлттық валютада өтімділікті алу ақша және валюта нарықтары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін АҚШ пен Қазақстан мөлшерлемелерінің дифференциалын ескере отырып есептелген формулаға сәйкес, пайыздық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылатын болады:

(R_KZT - R_USD)/(1 + R_USD)

мұнда,

R_KZT – Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі минус жылдық 1 пайыз;

R_USD – Bloomberg немесе Thomson Reuters ақпараттық ресурстарының деректері бойынша алдыңғы жұмыс күні үшін АҚШ доллары бойынша біркүндік LIBOR мөлшерлемесі.

Тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлемелер дәлізіне қатысты своп операциялары бойынша мөлшерлемелердің барынша кең дәлізі теңгелік өтімділікті тарту кезінде кепілді қамтамасыз ету ретінде шетел валютасын пайдалануды ынталандырмауға бағытталған.

Валюталық своп операциялары арқылы өтімділікті алу бойынша Ұлттық банк операцияларының күн сайынғы көлемі 500 млн АҚШ доллары мөлшерінде лимиттеледі.

Похожие материалы