Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2018 жылы шағын несиелеу көлемі 62 млрд теңгеге дейін өседі

2018 жылы шағын несиелеу көлемі 62 млрд теңгеге дейін өседі

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Үкімет үйінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мен шаруаларға жеңілдетілген несие беру талаптарын түсіндірді.

«Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған 5 бастама ішінде шағын несиелеуді көбейту туралы мәселені көтерді. Биыл шағын несиелеудің көлемі 20 млрд теңгеге ұлғайып, жылына 62 млрд теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, өз бизнесін бастауға және кеңейтуге мүмкіндік алған қазақстандықтардың саны 14 мыңға жетеді деп күтіледі», - деп атап өтті Жандар Омаров.

Шағын несиелеудің негізгі қағидалары мен механизмдері, шарттары бағдарламаның өзінде және несиелеу ережелерінде қарастырылған. Яғни, жеңілдетілген несиелер жылына 6 пайыз 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы несиелер - 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Берілетін несие мөлшері 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін - 19 млн 240 мың теңгені құрайды.

«Бағдарлама аясында біздің қор 19,3 млрд теңгеге 5 694 жобаны қаржыландырды. Оның ішінде 11,5 млрд теңге бөлінген 3 426 жоба - стартаптар еді. Яғни, қаржыландырудың 60 пайызы стартап-жобаларға бөлініп отыр», - деп өз сөзін толықтырды Ж. Омаров.

Сондай-ақ, Ж. Омаров өзге қаржылық институттармен салыстырғанда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының кепілдік саясатының да шаруаларға қолайлы екенін атап өтті.

Похожие материалы