Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) акционерлерге 1,3 млрд доллар көлемінде қарызын төлеуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді КҚК Бас директоры Николай Горбань, деп хабарлады LS.
«Бірінші тоқсанда акционерлерге 310 млн доллар қарыз төледік, оның 268 млн доллары Ресейден және 42 млн доллары қазақстандық кәсіпорын бойынша. Жалпы, 2018 жылы бірден екі кәсіпорын үшін 1,3 млрд доллар төлеу жоспарда бар», - деді Горбань.
Сонымен бірге, 2017 жылы КҚК акционерлерге 1,2 млрд доллар қарызын төледі. Оның ішінде Ресейге 1 млрд доллар, 161 млн доллары Қазақстанға келеді. Компанияның түсіндіруінше, мұндай қаражаттардың қайтарымдылығы КҚК-нің 2020 жылға қарай қарыздарын төлеп тастауға, содан кейін акционерлерге дивиденд төлеуге кірісуіне мүмкіндік береді.