Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЛУКОЙЛ мен Қазақмыс «жасыл энергетика» жобаларын бірлесіп жүзеге асырады

ЛУКОЙЛ мен Қазақмыс «жасыл энергетика» жобаларын бірлесіп жүзеге асырады

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - ЛУКОЙЛ мен Қазақмыс Қазақстан Республикасының аумағында «жасыл энергетика» жобаларын бірлесіп жүзеге асырады.

Астанада «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов пен «Қазақмыс Холдинг»ЖШС президенті Владимир Ким өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта Қазақстан Республикасының аумағында «жасыл энергетика» жобаларын дамыту саласында ынтымақтастық орнату көзделген.

​Алғашқы кезеңде жаңартылған энергия көздерін орнатуға болатын алаңның мүмкіндіктерін зерттейді. Содан соң, Қазақстанның аумағында бекітілген баламалы энергетикаға қолдау көрсету шаралары есепке алына отырып жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданады.

Дереккөз: Baq.kz

Похожие материалы