Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақтелеком акциялары 7 пайызға қымбаттады

Қазақтелеком акциялары 7 пайызға қымбаттады

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz - Инвесторлар «Қазақтелеком» АҚ акцияларын Қазақстан қор биржасында (KASE) сатып алып жатыр, деп хабарлайды LS.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 6 сәуірде индекстегі сегіз эмитенттің алтауы оң аумақта көрінді.

Ең көп өсім «Қазақтелекомда» байқалды. Бағалы қағаздар аптаны 28 мың теңге (+ 6,7 пайыз) деңгейінде аяқтады. Артынша Астана банкінің баға белгілеуі 1 200 теңге (+ 5 пайыз) болды.

Акция құнының аз ғана өсуі «KEGOC» АҚ-да (+ 4 пайыз) байқалды. Одан кейін Kcell-дің бағалы қағаздары 3,2 пайыз артқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ (+ 0,8 пайыз) мен Қазақстан Халық банкінде (+ 0,03 пайыз) шамалы ғана өсу байқалды.

Төмендеу тек KAZ Minerals (-0,4 пайыз) пен Банк Центркредитте (-0,2 пайыз) болды.

Тұтастай алғанда KASE индексі 2,44 пайызға өсіп, 2467,94 тармақты құрады.

Похожие материалы