Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Moody's «Бәйтерек» холдингісінің рейтингін жариялады

Moody's «Бәйтерек» холдингісінің рейтингін жариялады

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz - Moody's «Бәйтерек» холдингісінің рейтингін «Baa3» деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Moody's Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тұрақты мониторингі шеңберінде эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингісін Baa3 деңгейінде өзгеріссіз қалдырды, болжам «Тұрақты». Холдингтің рейтингілері Қазақстанның тәуелсіз рейтингілері деңгейінде», - делінген холдинг баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетерлігі, холдингтің ВВВ деңгейіндегі Fitch Ratings агенттігінің рейтингісі бар. 2017 жылғы 5 мамырда расталған болжамы - «Тұрақты».

Похожие материалы