Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Ресейдің 50 ең бай адамының байлығы 12 млрд долларға жуық қысқарды. Ол Ресей қор нарығы АҚШ-тың жаңа санкцияларына байланысты төмендеді. Бұл туралы Forbes хабарлады.
Бір тәулік ішінде санкциялар тізіміне түскен бизнесмен Олег Дерипасканың жағдайы бір млрд доллардан астам сомаға азайды. Дәл солай Норильск никеліндегі әріптесі Владимир Потанин де біраз дәулетінен айырылды. Осылайша, кәсіпкерлерге тиесілі компаниялар акцияларының құны айтарлықтай төмендеді.
Сонымен қатар, санкциялық тізімдегі Виктор Вексельбергтің де байлығы 1 млрд долларға қысқарды. Нарықтың төмендеуінен ірі қаржылық жоғалтуға тап болғандар: Сүлейман Керимов, Леонид Михельсон, Геннадий Тимченко, Владимир Лисин, Роман Абрамович, Вагит Алекперов және Алексей Мордашов.
Санкцияның кесірінен банк ВТБ, «Русал», «Мечел», «Норильск никелі» компаниялары акциясының біраз бөлігін жоғалтты. Құнды қағаздар бағасының төмендеуінен рібльдің бағамы да құлдырады. Еуроның бағамы 2016 жылдың тамыз айынан бастап алғаш рет 74 рубльді құрады. Ал, доллардың курсы жыл ішінде алғаш рет 59 рубльден көтерілді.
Дерипаска басшылық ететін «Русал» компаниясында жағдай қиын екенін айтады. Компания өкілдерінің айтуынша, басшылық ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға тырысады.
Дерипаскеге тиесілі En+ директорлар кеңесінің екі мүшесі компанияға санкция орнатылғаннан кейін қызметтен кетті.
6 сәуірде АҚШ жеке компаниялар мен Ресей азаматтарына жаңа санкциялар енгізді. Шектеулер Конгрес 2017 жылы қабылдаған Америка қарсыластарына қарсылық таныту туралы заңға сәйкес енгізілді.
АҚШ қаржы министрлігі АҚШ-та санкциялар тізіміндегі тұлғалардың қамауға алынуын қарастырып жатыр, сондай-ақ американдық азаматтар мен ұйымдармен олармен ынтымақтастыққа тыйым салуды қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.