Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазТрансОйл дивиденттерді төлеуге 61,5 млрд теңге бағыттайды

ҚазТрансОйл дивиденттерді төлеуге 61,5 млрд теңге бағыттайды

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz - «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) Директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысы 61,5 млрд теңгеден астам сомаға дивидендтер төлеу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады LS.

Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта компания 2017 жылғы барлық таза пайдасын 50,117 млрд теңгені бағыттай алады. Сондай-ақ, Директорлар кеңесі акционерлерге өткен жылдардағы бөлінбеген пайдадан қосымша 11 423 млрд теңгені бағыттауды ұсынды.

Осылайша, дивидендтерді 61,54 млрд теңгеге төлеу ұсынылады.

Дивидендтің мөлшері бір қарапайым акцияға шаққанда 160 теңгені құрайды. Салыстыру үшін 2016 жылы ҚТО дивидендті төлегенде бір акция үшін 155 теңгеден берді.

Бұрын «Казком Секьюритиз» талдаушылары «ҚазТрансОйл» акционерлерінің 2018 жылы жоғары дивидендтер алатындығын болжаған.

Похожие материалы