ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад жоспарланбаған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Оған қоса, Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жеке ұйымдастырылмақ.
Әр аймақта әскери-патриоттық концерттер мен ашық есік күндері өтеді. Қорғаныс министрлігі республика көлемінде бас-аяғы әскери бағыттағы 46 іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазақстанда соңғы рет әскери шеру 2018 жылы өткен. Ал 2020 жылы елдегі эпидахуалға байланысты шеру өтпеді. Алайда арнайы рұқсат етілмесе де, 2021 жылы 9 мамырда Нұр-Сұлтан көшелерінде «На Берлин!», «Қайталай аламыз» деген жазбалары бар көліктер шеруі өтті.