Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Кезектен тыс Президент сайлауы күні, яғни 9 маусымда Алматы тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл туралы қалалық мобилділік басқармасы хабарлады.
Қала тұрғындары барлық бағыттағы қалалық автобустарда және метрода тегін жүре алады. Шамамен 700 мың жолаушы тегін жүруді пайдаланады деп күтілуде.
Бұл «Ашық есік күні» акциясы тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік көмек болып отыр.